$ 533.87  621.64  6.64

Зеленский мен Путин Түркияда кездесуі мүмкін

Украина басшысы алдағы оқиғалардың қалай болатыны АҚШ секілді алпауыт ел көшбасшыларының ерік-жігеріне байланысты екенін баса айтты. 

Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен алдағы келіссөздер қайда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Осы аптада Түркиямен, Парсы шығанағы елдерімен, Еуропа елдерімен сөйлесеміз. Бұл мемлекеттер ресейліктермен келіссөз жүргізуге арналған алаң болуы мүмкін.  Өз тарапымыздан соғысты тоқтатуға барынша дайындаламыз", – деді Зеленский.

Украина басшысы алдағы оқиғалардың қалай болатыны АҚШ секілді алпауыт ел көшбасшыларының ерік-жігеріне байланысты екенін баса айтты. 

"Ресей шынайы келіссөзден жалтарғысы келетінін ғана байқатып отыр. Мұны күшті санкциялармен, тарифтермен ғана өзгертуге болады. Біз де өз тарапымыздан ықпал етуі мүмкін қадамдарды жасап жатырмыз", – деді Украина президенті.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров NBC News арнасына берген сұхбатында келіссөздер Ыстанбұлда жалғасуы мүмкін екенін айтқан болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары