$ 539.55  627.55  6.7

Президент Ауғанстан басшылығына елдегі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде болған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ауғанстанның шығысында болған алты балдық жер сілкінісінен 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2 800 адам түрлі жарақат алды. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйлегенін жазған едік. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары