$ 470.46  543.1  5.86

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерді соққыға жыққан (ВИДЕО)

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 сәуірде шамамен сағат 22:00-де болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жігіт қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлерін соққыға жыққан. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 сәуірде шамамен сағат 22:00-де болған.

Бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі полиция қызметкері зардап шеккен.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"2026 жылғы 3 сәуір күні шамамен сағат 22:00-де Мақат ауданында полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесті. Тексеру барысында бір топ азаматтың қарсылық танытып, полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолданғаны анықталды", - делінген ПД мәлімдемесінде.

Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері зардап шеккен.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданған. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша "билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану" бабымен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлеріне қатысты кез келген заңға қайшы әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылатынын және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1