Бұл туралы 2026 жылы 19 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Испания королі VI Фелипе Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 19 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан президентіне шынайы ризашылығын білдірді. Испания королі алғыс хатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді".