$ 445.65  508.71  5.3

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. 

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр, — делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0