$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

Иордания королі Қазақстанға ресми сапармен келді

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

 

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Иордан Хашимит корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесінің саммиті өтетінін жазған едік.  Осыған байланысты Иордания королі мен Тәжікстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Қазақстанға келетінін растаған болатын.

II Абдалла бен әл-Хусейн елде 5-6 қараша аралығында сапармен болады.

"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", - деп хабарлаған еді Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0