$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Тоқаев пен Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды. Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#АҚОРДА