Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, әңгіме барысында соңғы жылдардағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының негізгі кезеңдері талқыланды.
«Президенттер бұдан арғы даму үшін зор әлеуеттің бар екенін айта келіп, екіжақты ынтымақтастық қарқыны өсіп келе жатқандығын атап өтті», делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев А. Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін алғысын білдірді.