$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан мен Иран мемлекеттерінің бірлескен сауда үйі ашылуы мүмкін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидың елімізге мемлекеттік сапары аясында Ақордада өтіп жатқан кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Қазақстан-Иран сауда үйін ашуды ұсынды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

– Өкінішке қарай, екі елдің сауда айналымы төмендеген. Бірақ, биылғы көрсеткіш қуантарлық. Бүгінгі екіжақты кездесуде көпсалалы мәселелерді талқыладық. Мұның ішінде экономика саласындағы  мұнай және газ, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, жерасты байлығы мәселелерін шешуді үкіметаралық комиссияға тапсырдық, – деді Елбасы Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент бүгінгі сапардың, жоспарланған бизнес-форумның екі елдің арасындағы байланысты жоғары деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

– Екіжақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында Қазақстан-Иран сауда үйін ашуды ұсынамын, – деді Н. Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары