$ 494.87  520.65  4.91

Қоғам белсендісі Путинге қазақтардың тарихы жайлы кітап жолдады

Қазақстандық қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан Ресей президентіне Қазақстан тарихымен танысу үшін арнайы кітаптар жолдады, деп хабарлайды «Азаттық».

– Бұл біздің Владимир Путинге арнаған сыйлығымыз. Біріншісі, 1943 жылы ресейлік және қазақ ғалымдарының бірлесе жазған қазақтардың тарихы туралы академиялық еңбегі. Екіншісі, Қазақ мемлекетінің саяси тәуелсіздігі жолында қаза болған қазақтың соңғы ханы Кенесарының күресі туралы зерттеу еңбек, – дейді М. Тайжан «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, аталған кітаптардың тағы бір данасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да жолданып отыр.

Айта кетейік, 29 тамыз күні Ресей президенті Владимир Путин ресейлік жастармен кездесуі барысында қазақтардың еш уақытта мемлекеті болмағанын айтқан болатын. Бұл ретте, ол жаңа мемлекет құрудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өткен еді.

Осының ертесіне Қазақстанда Қазақ хандығы күнін атап өту бастамасы көтерілді.

Айта кетсек, келер жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары