$ 498.34  519.72  4.85

Сенат депутаттарын сайлау науқанын 129 шетелдік бақылаушы қадағалайды

Қазанның 1-інде өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына 129 шетелдік және халықаралық байқаушы тіркелді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңға сәйкес,  ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сенат сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушыларды тіркейді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тіркелген байқаушыларға тиісті куәліктер беріледі, – деді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні ОСК 129 байқаушыны тіркеді. Ал 25 қыркүйекте тіркеу аяқталады.

– Бұдан бөлек, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі  шетелдік 110 бұқаралық ақпарат құралын тіркеді, оларға сайлауды байқау құқығы беріліп отыр, – деді ОСК мүшесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары