$ 494.87  520.65  4.91

Қытай шекарадағы суды бөлісуде Қазақстанның мүддесіне қысым көрсетпейді - елші

Қытай Қазақстанмен трансшекаралық өзендер мен жерасту суларды бөлісуде қазақтардың мүддесіне ешқашан қысым жасамайды. Бұл туралы ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Астанада өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

"Бұл өте күрделі мәселе. Соңғы уақытта сіздердің тараптан тек трансшекаралық өзендерді ғана емес, жерасты суларын да бөлісу мәселесі ұсынылды. Біз бұл ұсынысты әлі талқылап, зерттейтін боламыз. Менің ойымша, серіктес көрші елдердің арасында мұндай проблемаларды шешу аса қиындық туғызбайды. Қытай билігі сіздердің басшыларыңызға суларды бөлуде мүдделерге қысым көрсетпеуге уәде берді", - деді Қытай елшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерді бөлісуде бейбіт келісімдерге келіп, нәтижелі жұмыстар жүргізіп жатқан көрінеді.

Сондай-ақ, Чжан Ханьхуэй Қытай инвесторларының Қазақстандағы ауылшаруашылық саласын дамытуға ниетті екенін де айтты. Әсіресе, ұн мен өсімдік майлары өндірісін қолға алмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары