$ 444.22  476.38  4.82

Президент сайлауы неге мерзімінен бұрын өтеді?

 Соңғы айларда Қазақстанның бұқаралық ақпараттарында мерзімінен бұрын сайлау өткізу мәселелері жиі айтылып кетті.

 

Қоғамымызды дүрліктіріп жүрген сұрақтар: «мерзімінен бұрын сайлау қашан өтеді?», «парламенттік сайлауы ма?», «президенттік сайлау ма?», осы төңіректе саясаткерлер мен сарапшылардың отқа май тамызып қоятын мақалаларын газет беттерінен молынан оқуға болады. Өсекке сенбейік, желікке ермейік десек те, кешегі халықтың арасында жүрген даурықпа сөз бірте-бірте шындыққа айнала бастады. 14 ақпанда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтіп, кеңес мүшелері бірауыздан президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардың ҚХА-ға жасаған ұсынысын қолдайтынын жеткізді (Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы).

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері депуттаттық топқа мәжілісте Қазақстан президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге бастама көтеру туралы үндеу жолдады. 

Сонымен 2015жылы көктемде өтетін президент сайлауына Қазақстан халқы дайын ба?

«Президенттік сайлау неге мерзімінен бұрын өту керек?» деген сауалға өз тарапымыздан екі түрлі жауап көріп тұрғандаймын:

Біріншіден, 2005 жылғы сайлауды санамағанда, біздің елімізде бірде-бір президенттік сайлау уақытылы ҚР Конституциясында көрсетілген мерзімде өткізілмеген, оның үстіне 2011жылы ақпан айында Елбасымыз мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге конституциялық құзіретке ие болды (ҚР Конституциясы 41-бап, 3-1т.). Президент сайлау өткізу керек деп шешсе, сайлау өту керек.

Екіншіден, қазіргі таңда дүниежүзі екі дағдарысқа душар болды: біріншісі, саяси дағдарыс (Таяу шығыс елдерінің соғысы, Украинадағы қантөгіс), екінші, экономикалық дағдарыс (алпауыт елдердің экономикасының өсуінің тоқтауы, шикізат өнімдерінің арзандауы). Осы дағдарыс Қазақстанға өз әсерін тікелей де, жанама да тигізіп жатыр. 2014 жылғы халыққа жолдауында  Президент дағдарыстың ұзаққа созылатынын  атап өтуіне қарағанда «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, біздің қиыншылықтарымыз әлі алдыда болуы мүмкін. Геосаяси, экономикалық ахуалдарға байланысты Елбасымыз 2016 жылдары халыққа жағымсыз шаралардың  (теңгенің девальвацияға ұшырауы, халықты әлеуметтік қолдаудың бәсеңдеуі т.б.) таралуы алдында президенттік сайлауды өткізуді жөн көрді.

 

Думан КӨПБАЕВ

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары