АҚШ ЮНЕСКО ұйымының құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді. Ұйымның бас директоры Ирина Боковаға бұл ақпаратты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон жеткізген деп жазады РИА Новости.
"2017 жылдың 12 қазанында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковаға Америка Құрама штаттарының ұйым құрамынан шығатынын мәлімдеді", — делінген аталған хабарламада.
Вашингтон өзінің мұндай қадамға баруын қарыздарға байланысты екенін айтып отыр. Сондай-ақ, америкалық билік ұйымға реформа жасау керектігін және ұйымның Израильге деген теріс көзқараста болғанына байланысты да ЮНЕСКО сапында бұдан әрі бола алмайтындарын мәлімдеген. АҚШ-тың осынау шешімі 31 желтоқсан күні күшіне енеді.