$ 444.22  476.38  4.82

Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атағын алды

Қырғызстанның қызметіне жаңа кіріскен президенті Сооронбай Жээнбеков экс-президент Алмазбек Атамбаевқа "Қырғыз Республикасының Батыры" атағын беру туралы жарлық шығарды. Президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, Атамбаевқа мұндай атақ "елге сіңірген ерен еңбегі, Қырғызстанның мемлекеттік егемендігін, елдің бірлігін және өлкедегі тыныштықты нығайтуға, Қырғызстанның тұрақты дамуының негізін қалауға қосқан үлесі үшін, сонымен қатар саяси ерік пен ерлік көрсеткені үшін" берілген. Жээнбековтің жарлығы бойынша, Атамбаевқа "Ак шумкар" ерекше ерекше төс белгісі де тапсырылады  деп жазады azattyq.org порталы.

Сооронбай Жээнбеков 24 қарашада қызметіне кіріс салтанатында сөйлеген кезінде президент ретіндегі алғашқы жарлығымен Алмазбек Атамбаевты ең жоғарғы мемлекеттік награда - "Ак шумкар" сыйлығымен марапаттайтынын айтқан.

Алмазбек Атамбаев сайлау алдында өзінің Социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат болған Сооронбай Жээнбековке қолдау білдіріп, оны "досым" деп атаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары