$ 449.58  486.94  4.86

Назарбаевты АҚШ-та қалай қарсы алды? (ВИДЕО)

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа келгенін хабарлаған болатынбыз. Ақорданың баспасөз қызметі қөзінің Facebook-парақшасында Мемлекет басшысының ұшақтан түскен сәті түсірілген видеоны жариялады.

Вашингтондағы әуежайға қонған Қазақстан президентінің жанында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов және АҚШ-тың біздің елдегі елшісі Джордж Крол бар. Әуежайдағы америкалық ресми тұлғалардың қатарында кімнің бар екені айтылмады.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп кездеседі. Қос елдің басшылары экономикалық ынтымақтастық, аймақтағы қауіпсіздік және стратегиялық серіктестік жайын сөз қылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары