Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский «60 минут» деп аталатын ток-шоу эфирінде өзін ұстай алмай, студия қонағын балағаттап тастады. Осы сәттің видеосы кейін Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.
Студияға келген қонақтар Украинадағы қарулы қақтығыстар туралы талдау жүргізіп жатқан. Осы сәтте саясаттанушы Вадим Трюхан Жириновскидің араңдатуына түсіп қалмауы үшін оған жауап мүлдем қатпай отырған. Кейін ол Ресей Украинаға қарсы агрессияны тоқтату керектігін айтты. Осы сәтте Жириновский шынжырынан босанып кеткен қабаған ит секілді саясаткерге тап берді.
«Қарсылықты тоқтатпаймыз! Сендерді түгел атып тастаймыз, сендер оңбағансыңдар!» — деген ЛДПР жетекшісі Трюханға жұдырық ала жүгірді. Ол сондай-ақ, Украина Донбаста өлген әрбір адамның қаны үшін жауап беретінін айтып, Трюханды студиядан қуды, оны хайуанға теңеп, бағанды жұдырығымен бірнеше рет соқты. Студияға келген өзге қонақтар оны тыныштандырғысы келгенімен, Жириновский алған бетінен қайтқан жоқ
Айта кетейік, «60 минут» ток-шоуы 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бері «Россия 1» телеарнасынан көрсетіліп келеді.