Саясат 04.03.2018 сағат 05:48

Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинді кекетті

АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР басшыларының ел конституциясына енгізіп жатқан өзгерістеріне қатысты пікір айтып, төраға Си Цзиньпинді ашық кекетті. Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесін CNN телеарнасы көрсеткен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Енді ол (ҚХР төрағасы Си Цзиньпин) өмірінің соңына дейін елді басқарады. Мәңгілік төраға. Жоқ, ол керемет... Қараңыздар, оның қолынан келді, ол өзгерістерді енгізе алды. Мен мұны керемет бастама деп есептеймін. Мүмкін біз де алдағы уақытта солай жасаймыз?!" - деді Дональд Трамп Флоридада өткен жиындардың бірінде.

Естеріңізге салайық, өткен аптада Қытай Коммунистік партиясы конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер жобасын халыққа таныстырған болатын. Онда ел төрағасының құзыретін кеңейту, билігінің мерзіміне қойылатын шектеуді алып тастау мәселелері қаралған. Қазіргі заң бойынша ҚХР төрағасы әр бес жылда екі рет сайлана алады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар