$ 448.89  477.93  4.76

Жириновский татарша сөйледі

Ресейдегі президенттік сайлауға либерал-демократтардың атынан түсіп жатқан танымал саясаткер Владимир Жириновский Первый каналда болған кандидаттар дебатында татар тілінде сөйледі деп жазады РИА Новости.

«Бізде түркітілдес халықтар бар, оларға президенттің тек орыс тілінде емес, татар, башқұрт және өзге де тілдерде сөйлегені қызық болар», — деді либерал-демократтардың көшбасшысы.

Мұнан кейін ол татарша сөйлеп, Ресейдегі түркітілдес халықтардан өзіне дауыс беруін сұрады. Дегенмен, ол мектептерде татар, башқұрт тілдерін міндетті пәндер қатарынан алып тастау керектігін де айтып қалды.

«Ресей азаматы бірнеше мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті емес. Бір ғана орыс тілі жетеді. Мен тіпті, мектеп бағдарламасынан шетел тілі пәнін алып тастап, оны жай ғана қосымша пәндер қатарына енгізер едім», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары