$ 494.87  520.65  4.91

Владимир Путин Аман Төлеевтің отставкасын мақұлдады

Ресей президенті Владимир Путин Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі хабарлаған.

Путин облыс вице-губернаторы Сергей Цивилевті аймақ басшысы міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған. Жарлық бүгіннен бастап күшіне енген.

Кемерово облысын 1997 жылдан бастап күні бүгінге дейін басқарып келген 73 жастағы Аман Төлеев сәуірдің 1-і күні Ресей президентіне өз еркі бойынша қызметтен кету туралы өтініш білдірген.

Төлеев Кемерово қаласындағы сауда орталығында ондаған адам ажал құшқан өрт оқиғасынан кейін бір апта өткенде қызметінен өз өтініші бойынша кетуге сұранды. Ресми мәлімет бойынша, өрт салдарынан қаза тапқан 64 адамның көбі – балалар.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары