$ 491.7  531.28  5.07

Қырғызстанда халық тағы да көтеріліске шықты

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Тогуз-Тороу ауданы тұрғындары "Джи Эл Макмал Девелопинг" алтын өндіру компаниясының ғимаратын өртеп жіберген. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз редакциясына куәгерлер хабарлады. Әлеуметтік желі қолданушылары да оқиғаны суретке түсіріп, жариялап жатыр.

Жергілікті тұрғындар осыған дейін де Макмал кен орнынан алтын шығаратын фабрика салуға қарсы болған. 11 сәуірде 500-ге жуық адам тағы да митингке шыққан.

Тогуз-Тороу әкімдігі халықтың наразылыққа шығып жатқанын растады. Бірақ түсініктеме беруден бас тартты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, митингке шыққан жастар алдарына келген комиссия өкілдеріне қарсы тас лақтыра бастаған. Одан кейін жиналғандар фабрика аумағына қарай лап беріп, салынып жатқан ғимарат құрылысына өрт қойған. Сонымен бірге, салынған үйлерді, техникаларды да өртеген.

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков 11 сәуірде Тогуз-Тороу ауданының әкімі Тілек Идирисовты қызметінен алған. Исаков халықты арандатуға алданбауға шақырған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары