$ 494.87  520.65  4.91

Әлемге үлгі болған – Қазақстан

Қазақстан өзге елдерге үлгі боларлық қадамдарға бара бастағанын өзгелер сезіне бастады.

Тіпті көрші айырқалпақты қырғыздардың президенті Алмазбек Атамбаев екі сөзінің бірінде «Қазақстанды үлгі тұтамыз» деп сайрап жүрсе, алпауыт Ресейдің билік тізгінін ұстағандары да Қазақстанда жүргізіліп жатқан сәтті реформаларға тек бас шайқап, таңғалумен келеді. Мәселен, Астана эконо­мика­лық форумына келген «Ресей Жинақ банкі» АҚ төрағасы Герман Греф: «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарялаған «100 қадам» бағдарламасы Қазақстанды заманауи экономикалық мемлекет етудің бірден-бір жолы. Мен мұндай тақырыпта көп жыл жұмыс істедім, бұл құжатты жоғары деңгейде бағалаймын. Бұл мен көргендердің ішіндегі саналы түрде жасалған бірден-бір сапалы құжат. Осы «100 қадамның» ең болмағанда жартысы жүзеге асса, Қазақстан мүлде басқа мемлекетке айналады. Ресейге дағдарыстан шығу үшін не істеу керек? Дәл осын­дай «100 қадам» жасау керек, ой­ланудың қажеті шамалы. Бұл құжатта ешқандай мін жоқ. Бөлім­дерді белгілеуден бастап барлығы да сауатты жасалынған. Ең бас­тысы, мемлекеттік аппараттың, елді басқаратын адамдардың сапалы болуы. Егер бұлар болмаса, басқа нәрселерді ойлаудың қажеті де жоқ. Мұндай жолды жүріп өткен елдер тым аз» деп Қазақ­стан­да жүргізілгелі жатқан «100 нақты қадам» бағдарламасын мойын­даған еді.

Ал енді сәрсенбі күні Ресейдің Санкт-Петербор қаласында ашыл­ған Халықаралық эконо­микалық форумда Ресейдің экс-қаржы министрі Алексей Кудрин «Ре­сейдің басқа емес, Қазақстан­нан үлгі алғаны дұрыс» деп барша жұртқа мәлім етті. «Неге бізге пре­зиденттік сайлауды жедел өткіз­беске? Сол арқылы жаңа серпінді реформаларға жол ашпасқа? Мә­селен, президент Назарбаев Пре­зи­дент сайлауын өткізу ар­қылы елді жаңа белеске бастайтын ауқымды реформаға («100 нақты қадам») мүмкіндік алды. Бізде президент сайлауын тоспай кезек­тен тыс өткізіп жіберейік. Ол жаңа реформаға жол ашар еді. Сондық­тан президенттік сайлауды тез­детіп, сан-салалы реформа жасауға жаңа мандат алған жөн. Бұған қоса тың ойлы жаңа коман­да да жа­сақталар еді» дейді Алексей Кудрин. Осы­лайша, көп­шіліктің алдында Қазақстанның тәжіри­бесін қай­талауды ұсынған оның айтқан­дарына әзірге ресми Ресей билігі пікір білдірген жоқ. Деген­мен, бірқатар саясаткерлер Куд­рин­ді қолдап жатқаны белгілі. Ресей саясаткерлері айтса айтқан­дай, қазір Қазақстан жаңа бір серпі­лістің алдында тұрғаны анық. Өйткені Елбасы ұсынған бес инс­титуттық реформа, оны жүзеге асы­руға арналған «100 нақты қа­дам» бағдарламасы осының кепілі. Расында, қазір Қазақстан әлемге үлгі болуға лайық елдердің біріне айналды. Себебі, елде сәтті жүр­гізілген саяси-экономикалық ре­формалар соның бір көрінісі. Халықаралық ірі ұйымдарға мүше болуы, кейбіріне төрағалық етуі, көп тармақты бейбіт саясат жүр­гізуі, алыс-жақын мемлекеттермен барыс-келіс, алыс-берісті дұрыс жолға қоюы, әлемдегі жүздеген елдермен білікті дипломатиялық қатынас орнатуы, көптеген ұлт өкілдері тұратын елімізде береке-бірлік, ынтымақтастық орната білуі Қазақстанда жүргізіліп жат­қан саясаттың өте дұрыс екенінің бір көрінісі. Демек, өзгелердің «Қа­­зақ­станнан үлгі алайық» деуі­нің жаны бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары