Саясат 07.07.2015 сағат 18:00

Мемлекеттік қызметшілер ант берді

Оңтүстік Қазақстан облысында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында өткен жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 

Салтанатты жиынды аталмыш департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Б.Бекжанов ашты.

- Мемлекеттік қызмет елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асқақтату. Бұл – бәріміз үшін жауапты қызмет. Өз халқың үшін қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт, - деді Берік Айдарбекұлы.

Мерекелік іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев қатысып, жас мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі.

Бұдан кейін  мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданғандар оң қолды кеудеге қойып тұрып қоғам және мемлекет тарапынан білдірілген сенімді ақтауға, ел Конституциясы мен заңнамаларын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет көрсетуге ант берді. 

Ант берілген күні көрсетілген,  қолдары қойылған, ант мәтіні бар бланк ендігі жерде  олардың жеке іс материалдарында сақталады.

Мемлекеттік қызметшілерді ОҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Д.Шерімқұлов құттықтады.

Мерекелік іс-шара патриоттық рухтағы әндер орындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

Гүлжамал МҰСАЕВА 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар