06.08.2015, 09:19

АҚШ пен Иран арасында соғыс басталуы мүмкін

mignews.com

Егер АҚШ Конгресі Иранмен арадағы келісімді мақұлдамаса, Таяу Шығыста тағы да соғыс оты тұтануы мүмкін. Мұны АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон университетінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

АҚШ басшысының айтуынша, бұл келісімде Иранның ядролық бомбаны тоқтатуы тиіс екендігі жайлы, сонымен қатар, зауытта оқтын-оқтын тексеру жұмыстары жүргізіліп тұратыны жазылған. Егер де бұл келісімге қол қойылмаса, екі ел арасында соғыс басталып кетуі әбден мүмкін.

Қазір халықаралық келісім Конгресте қаралып жатыр. Конгрессмендерге келісімді қарап шығуға 60 күн уақыт берілді. Құжатқа дауыс беру жиыны қыркүйек айында өтеді.

 
Тегтер: Иран АҚШ соғыс