$ 448.15  483.46  4.86

Ел қолдаған Ұлт жоспары

Жан-жағы екшеліп, тұжырымдалған «100 нақты қадам». Стратегиялық бағдарлама - айқын мақсаттың белгісі. Оған  жету оңай іс емес.  Әйткенмен, бұған дейін де Елбасының бастамаларына жұдырықтай жұмылып, көптеген міндеттерді шешудегі ел белсенділігі бұл жолы да орға жықпасы анық.

Бұқара пайымы осыған саяды. Бағдарламаны орындау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артады. Бағыты айқын құжатта әуелі мемлекеттік аппаратты реформалау көзделіп отыр.  Сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейеді. «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заң қабылданып, ізін ала іс басындағы барлық мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтеді. Ал, мұндай жауапкершілік  білгені көп, түйгені терең ғалымдарды да қуантып отыр.

Екінші бағыт, яғни заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін салаға 19 жаңалық енгізіледі. Мәселен, сот жүйесі инстанциялары оңтайландырылады. Қолданыстағы бес сатылы сот жүйесі 3 сатылы болып өзгереді. Соттарды іріктеу тетіктері жаңарады.

Болашақ судьялардың салада кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы талап етіледі. Жоғары сотта инвестициялық алқа құрылады. Бұл шаралар әділ сот төрелігін қарапайым халыққа да, инвесторлар мен бизнес үшін де қолжетімді етеді.  Талап орынды. Өйткені, бүгінде осы жауапты салада жас мамандар қатары ұлғайып келеді. Алайда, біразының азаматтармен жұмыс істеуі, жұрт өтініш-тілектерін түсіністікпен қабылдауы көңіл көншітпейді. Тіпті, кейбірінің заман ырғағына байланысты біліктілік деңгейі жоғары талапқа сай келмейді. Ал, бұл құжат сол олқылықтың орнын толтырудың оңтайлы жолы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары