$ 447.4  477.55  4.76

Кәсіби мемлекеттілікті нығайтатын нақты қадам

Мемлекет басшысы міндеттеген «100 нақты қадам» − «2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мен кәсіби мемлекеттілікті нығайтудағы алтын қазық.

Түлкібастықтардың пікірінше, белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды орындау – ортақ міндет. 

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов бастаған насихат тобы Түлкібас ауданында болып, ұлттық жоспарды қолдаған халықтың тұщымды ойларына қанықты. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру жұмыстары жастар үшін де үлкен маңызға ие. Себебі, Президенттің ел азаматтары алдына қойған тапсырмалары тіршілік көзіне тың серпін беріп отыр.

«100 нақты қадамда» сөз етілген сан саланың салмақты мәселелерін шешу – Қазақстанның келешегін кемелдендіріп қана қоймай, озық отыз елдің қатарына кіріктіреді». Осылай деген жиынға қатысушылар, ұлттық жоспарда білім саласына да барынша мән берілгендігін айтып өтті. Ғылымның ғаламатын меңгеріп, білімнің биік шыңын бағындарудан бөлек, тіл төңірегіндегі түйіткілдер де ортаға тасталды.

«Бірнеше тілді меңгеруге бұрыннан көңіл бөлініп келеді. Осыған орай, елімізде үштұғырлылық тіл саясаты жүзеге асырылып жатқаны мәлім. Егер, өзімізді өркениетті елдер қатарынан көргіміз келсе, ағылшын тілін үйренуге ұмтылғанымыз жөн», - деді келелі кеңеске жиыналған жастар.

Түлкібастықтардың белсенділігіне тәнті болған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов ауданында атқарылып жатқан тірліктерге оң бағасын беріп қайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары