$ 444.32  473.33  4.76

Назарбаев Меркельді Германия құрамасының жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеральды канцлері Ангела Меркельге ел құрама командасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы аса жоғары деңгейдегі шеберлік, керемет командалық ойын және жеңіске деген жігер Германия құрамасына лайықты қарсыластарынан басым түсіп, биік тұғырға көтерілуге мүмкіндік бергенін атап өткен.

«Германия Федеративтік Республикасы құрама командасының футболдан биылғы әлем чемпионатындағы тамаша жеңісіне және төртінші рет чемпион атануына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Дүние жүзі қауымының назарын аударған Германия командасының бұл жеңісі футбол тарихында айрықша із қалдырды», делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге және достас Германия халқына алдағы уақытта да жеңістерге жете беруге тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары