$ 494.87  520.65  4.91

Жемқорлықпен күресу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі

«Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес   Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысындағы Асықата кентінің әкімі Б.Серіков.  

Оның мәлімдеуінше, осынау әлеуметтік қасірет әлемдегі барлық қатты алаңдатуда. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Ол: қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сотшешімін немесе өзге де сот актісін орындамау.

- Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады, - дейді Б.Серіков. 

Асықата кенті әкімінің айтуынша,  мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындаған. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылған Қазақстан дамудың жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды алдына міндет етіп қойды.

– Ол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алған қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу – барша қазақстандықтардың азаматтық борышы екендігін білуіміз қажет, - деп есептейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары