$ 494.87  520.65  4.91

Заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі зор

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспардың алғашқы сатылары кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға негізделген, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған іс-шараларды қамтиды.

Осы орайда, мемлекеттік қызметте бірқатар реформалар орын алмақ. Бұл тұста Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ОҚО Қазығұрт ауданының халқымен кездесу өтті.

- Бүгінде халықтан қолдау тауып, жүзеге асыру шаралары қарастырылып жатқан, негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың әрбір қадамының маңызы мен мәні кеңінен саралануда. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бөлімінінің 1-қадамы – Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналып, мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. Мәліметтерге жүгінсек, бүгінде елімізде 99 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Заман талабына сай «А» және «Б» корпустары жасақталды. Елбасы оны одан әрі жетілдіріп, еліміздің ілгері дамуының ең басты кілті басқарушылық тетіктерде тұрғанын атап көрсетті. «100 нақты қадамның» 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі өте зор. Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» идеясын ел санасына қалыптастыратын да, ілгері апаратын да мемлекеттік қызметкерлер, - деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Г.Мұсабекова.

Ол «100 нақты қадам» мемлекеттік аппараттың әлеуетін одан әрі дамыта түсуді көздейтінін, еңбекке ынталандыру қай салада болсын маңызды екенін атап өтті. департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру бағдарламаның 5, 6-қадамында көрсетілгеніне тоқталды.

- Жұмыстың жемісті болуының тағы бір кепілі – тұрмыстық жағдайдың дұрыс болуы десек, «100 нақты қадамда» бұл жағы да ескерілген. Ендігі жерде ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлер міндетті түрде берілетін болады. Мұның өзі қызметкердің алаңсыз жұмыс істеуіне кепіл болатын жәйттар, - деп атап өтті ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары