$ 445.66  474.58  4.78

«100 нақты қадам» - кәсіби мемлекет кепiлi

«Кәсіби аппарат құрудың 15 қадамы азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап, оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды.

Еңбек жолын институтта алған біліміне сәйкес бастап және сол салада біршама уақыт атқарып, қызметтің барлық баспалдақтарынан өткен, осы кезеңдерде үлкен тәжірибе жинақтаған мемлекеттік қызметкердің алғаш басынан өткен қиындықтары, тапсырмалар мен сынақтар, әр баспалдақ сайын кездесетін тосын сәттер ұмытылмасы, көкейінде сайрап тұрары анық», - деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ә.Қайыпбеков.

- Маңызды құжаттағы «Мемлекеттік қызметке қабылдау ең төменгі лауазымдардан басталуы тиіс» деген қағиданың өміршеңдігін бүгінде көпшілік айтуда. Әйтпесе, әлдебір «қоңырау шалулардан» кейін өмірден де, кәсібінен де тәжірибе жинақтап үлгермеген жап-жас азаматтың ұжым басшылығына тағайындалғанын көргенде, оның қайдан және қалай келгенін «тергеп», таңдай қағушылар көптеп табылады. Өкінішке қарай, оның бұл қызметке «ерте келгені» шалағай істерінен-ақ аңғарыла бастайды. Түзелсе дұрыс, ал түк бітіре алмай ұжымның берекесін кетірсе кімді кінәлайсыз? – дейді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, ауылдық, кенттік, қалалық әкім­дік­терде еңбек ететін қызметкерлер бұқара халықпен етене жұмыс істейтін, жұртшылыққа ең жақын адамдар. Яғни, олар елдің барометрі іспеттес.

- Ол жергілікті жерде халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін терең түсініп, қоян-қолтық жұмыс істеп, олардың мәселелерін тап-тұйнақтай шешуі қажет. Ол үшін білім, кәсіби тәжірибе қажет екені анық. Бұрынғы мемлекеттік қызметші туралы заңдарда үш айлық сынақ мерзімі көзделген еді, ендігі қадамдарда 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке алғаш қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі 3 және 6 айлық межелік бақылаудан өткізілмек, - деп атап өтті ол.

Оның мәлімдеуінше, Елбасы ұсынып отырған бұл рефор­малардың басты мақсаты - мемле­кеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп, сапасын жақсарту, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, бүгінгі таңда көрсетіліп отырған мемлекеттік қызмет деңгейін көтеру, кадр саясатын мемлекеттік саясатқа сай жүйелеу.

«Сарапшылар «100 нақты қадамдағы» мемлекеттік қызметке қатысты 15 қадам жүзеге асатын болса, Қазақстан әлемдегі мемлекеттік қызмет үлгісі ең үздік 30 елдің қатарына қосылатынын айтуда» дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары