$ 494.87  520.65  4.91

«Бәрі қолында қалды»: Досым Сәтбаев Назарбаевтың отставкасы туралы ойын айтты

Сарапшылар Назарбаевтың өкілеттігін тоқтататынын бірнеше рет болжаған еді. Бұл шешімді көптеген сарапшы 2010 жылдан бері күтті, сол кезде Елбасының мәртебесі туралы заң қабылданған еді, дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев. Ал Қауіпсіздік кеңесіндегі рөлі күшейтіліп, оның өмір бойығы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болатыны туралы шешім биліктің транзиті жөніндегі кезекті белгі болды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz. 

«Президенттің ертелі-кеш осындай шешім қабылдайтынын көбі күтті. Орта Азияның өзге елдеріндегі жағдайлар көрсеткендей және осыны ескергенде, мысалы, Өзбекстандағы жағдаймен салыстырғанда, биліктен денсаулығы жақсы кезде кеткен дұрыс. Бұл біріншіден. Екіншіден, биліктің табысталу жағдайын бақылау үшін, жүйе үстіндегі ойыншы болған жөн. 

Елбасы ретінше, Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы, өмірлік сенатор ретінде негізгі тетіктердің бәрі қолында қалды», - дейді Досым Сәтпаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары