$ 494.87  520.65  4.91

«Отыз күнде оң нәтижелер болды»: сарапшылар Тоқаев жайлы

Саясаткерлер мемлекеттегі сайлау науқанын жеделдету ішкі турақтылықты сақтауға, келесі президенттің кім болатынына анық көз жеткізу үшін жасалып жатқан әрекет деп қарайды. Сондықтан  олар  кезектен тыс сайлау, билік партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну күтілген жағдай дейді.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Алуа Жолдыбалина мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс жасаған алғашқы отыз күніне оң баға беріп отыр. Оның пікірінше президент аз уақыт ішінде барынша саяси белсенді жұмыс атқарған.  Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ресей мен Өзбекстан мемлекеттерінде болып маңызды келісімдер жасаса, ел ішінде бірнеше облысты аралап,  күрмеулі мәселелердің тез арада шешім табуын талап еткен еді. 

«Президент аз уақытта жақсы бастамалар жасады. Оның ішінде жаппай деклорациялауды 2025 жылға қалдырса,  бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын бір айға жеделдетті, сондай-ақ ол үш тілділікті енгізу жұмыстарын реттеді. Оның мемлекеттік қызметте дағдарысқа қарсы жұмыс жасауда  тәжірибесі зор», –  дейді Алуа Жолдыбалина. 

Оның пікірінше Nur Otan партиясы атынан кандидатурасы ұсынылған Тоқаев тәжірибелі саясаткер әрі халықаралық деңгейдегі дипломат. Ол Қазақстанның мүддесін жоғары деңгейде қорғап, өкілеттік ете алатын парасат-пайымы жоғары азамат. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік істегі жұмысын сарапшылар жоғары бағалап отыр.  

«Мемлекеттің қазіргі басшысының ішкі-сыртқы саяси істерді тиянақты атқаруда рөлі зор. Ол әр істен нәтиже, тұрақтылық талап етеді. Оның Маңғыстау облысына іссапармен баруы көптің есінде қалды. Президент жергілікті атқарушы органдарға экономикалық өсім, жаңа жұмыс орындарын көбейтіп, жалақы көлемін арттыру,  тұрғындардың өмір сапасын жақсартуды тапсырды. Мұнымен қоса ол өзінің сүреті бар билборд ілуге тыйым салған болатын», –  дейді Еуразиялық интеграция институтының қызметкері Дәурен Базаров.

Тәуелсіз елдің тарихында алар орны ерекше Қасым-Жомарт Тоқаев  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен елдің тұрақты дамуына өлшеусіз үлес қосқан азамат. Алдағы уақытта да оның жоспарлы жұмыстары оң нәтижесін көрсетері сөзсіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары