$ 444.22  476.38  4.82

Назарбаев Жан-Клод Юнкерді жаңа лауазыммен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануына байланысты Жан-Клод Юнкерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өз атынан Ж.-К.Юнкерді Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтаған.

Қазақстан Президенті Люксембург Премьер-министрі қызметіндегі және Еуропалық топтағы басшылығы кезінде жинаған Ж.-К. Юнкердің мол тәжірибесі, Еуропа мәселелеріне аса жетіктігі оған Еуропалық одақтың орнықты дамуына зор үлесін қосуына септігін тигізеді деп сенетінін айтады.

― «Сіздің 2008 жылы Астанаға және менің 2010 жылы Брюссельге жасаған сапарларымыз барысында арамызда орныққан өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы диалогты жалғастыруға әзір екенімді білдіремін. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім аясында жаңа сапалы деңгейге көтеріледі деп үміт артамын», ― делінген жеделхатта.

Ж.-К.Юнкерге Мемлекет басшысы зор денсаулық және табыс, ал Еуропалық Одаққа бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары