$ 498.34  519.72  4.85

Астана мен Бандар-Сери-Бегаван қатынастары күшеймек

Екі жақты қатынастарды дамытуға мүдделі елдердің өкілдері бас қосып, өзекті мәселер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жуырда ҚР-ның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Бруней-Даруссалам Сұлтандығы Сыртқы істер және сауда (СІСМ) Министрі, ханзада Мохамед Болкияхпен және СІСМ Тұрақты хатшысы (министр орынбасары) Шайх Фадила Ахмадпен кездесті.

Кездесу барысында мелекеттер арасындағы екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перпективалары талқыланып, тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

«Бруней-Даруссалам Сыртқы істер және сауда Министрі Қазақстан мен Бруней арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығын білдірді. Осы орайда екі жақ жоғары деңгейде сапарлармен алмасу мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен қатар тараптар, екі елдің халықаралық сахнадағы ықпалдастығын дамыту болашағын, соның ішінде түрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара қолдау көрсету мәселелерін талқылады», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары