$ 498.34  519.72  4.85

Обама ауызашар берді

АҚШ президенті Барак Обама Ақүйде ауызашар берді. Ауызашар кезінде АҚШ президенті Барак Обама Таяу Шығыстағы оқиғаларға тоқталды, деп жазады ult.kz.

Дәстүрлі ауызашарға мұсылман елдерінің өкілдері, Америка қоғамының алдыңғы қатарлы діни басшылары мен құрметті қонақтар қатысты.

Ауызашар кезінде Обама Рамазан айының бөлісу, қайырымдылық және бейбіт ай екенін айта келе, сөзін бір хадиспен жалғастырды.

Обама сөз соңында Таяу Шығыста орын алып отырған оқиғаларға тоқталды. Сирия және Ирактағы оқиғаларға ерекше назар аударды. «Сирияда Асад әкімшілігі өз халқын аяусыз қырып жатыр» деген Обама Иракқа ISIS -ке қарсы елді бірлестіретін жаңа үкімет керектігін атап көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары