$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттіктер министр есебін онлайн режимде тыңдады

Шымкент қаласы әкімдігіне жиналған мемлекеттік қызметкерлер мен қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық бірлестік төрағалары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың халыққа есеп беру кездесуін онлайн режимінде тамашалады.

Кездесу барысында Қанат Алдабергенұлы министрліктің қызметі, мұнай-газ, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндады. Екінші бөлімде қойылған сұрақтарға жауап берді.

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан 90 млн тоннаға жуық мұнай өндірмек. - Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 36,5 млн тонна мұнай өндірілді. Яғни, жоспар 101% орындалды. Үш ірі жоба бойынша 21,7 млн тонна мұнай өндірілді. Қашағанда - 4,24 млн тонна, Теңізде - 12,48 млн тонна Қарашығанақта - 4,97 млн тонна өндірілді. Биыл мұнай өндіру көлемі 89 млн тонна болады, - дейді Қ. Бозымбаев. Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың халық алдында селекторлық режимдегі есебіне қатысушылар жақсы деген баға берді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары