Кездесу барысында Қанат Алдабергенұлы министрліктің қызметі, мұнай-газ, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндады. Екінші бөлімде қойылған сұрақтарға жауап берді.
Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан 90 млн тоннаға жуық мұнай өндірмек. - Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 36,5 млн тонна мұнай өндірілді. Яғни, жоспар 101% орындалды. Үш ірі жоба бойынша 21,7 млн тонна мұнай өндірілді. Қашағанда - 4,24 млн тонна, Теңізде - 12,48 млн тонна Қарашығанақта - 4,97 млн тонна өндірілді. Биыл мұнай өндіру көлемі 89 млн тонна болады, - дейді Қ. Бозымбаев. Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың халық алдында селекторлық режимдегі есебіне қатысушылар жақсы деген баға берді.
«SN.kz» - ақпарат»