Дәлірек айтқанда, Шымкент қаласы білім, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының есептері тыңдалып, депутаттар шешім жобасын бірауыздан қолдады. Өйткені бұл мәселелердің бәрі де мәслихаттың фракциясында егжей-тегжей талқыланған-ды.
Сессияда "2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы", "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" мәслихат шешіміне өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңеске жаңа мүшелер қабылданды. Оған ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысы Мұрат Базарқұлов, Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева, бұдан бөлек кәсіпкерлік және спорт саласының бірқатар белсенді жастары кірді.
«SN.kz»-ақпарат.