Саясат 21.07.2019 сағат 06:36

Қызылордада студент қыз таныстарының атынан несие алған

Жас қыз мұндай екі алаяқтық әрекетке барған.
Қызылордада студент қыз таныстарының атынан несие алған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылордада таныстарының атынан кредит алған студент қыз сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жас қыз мұндай екі алаяқтық әрекетке барған. Алғашқысы биылғы жылдың ақпан айында болды. Оңай жерден олжа іздеген қыз танысынан ақша аударып алайын деген желеумен жеке куәлігі мен банкомат карточкасын сұрап алады. Нәтижесінде несие беретін серіктестіктің бірінен 30, екіншісінен 40 мың теңге несие рәсімдейді. 

Осылайша екі мәрте алаяқтық жолмен несие рәсімдеген ол сот алдында жауап беруге тура келді. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен ол үш жылға сотталды. Сондай-ақ, оған жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу міндеттелді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар