$ 494.87  520.65  4.91

«Қатты қорқамын»: Атамбаевтың қызы әкесінің ешқайда қашпағанын айтты

Сондай-ақ, ол саясатқа араласпайтынын да жаза кеткен.

Қырғыз елінің экс-президенті Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің ешқайда қашпағанын және Қой-Ташта екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24 kg сайтына сілтеме жасап.

"Біріншіден, менің әкем ешқайда қашып кетпеді. Оны ешкім ұстамады, бұл өтірік нәрсе. Ол әлі де Қой-Ташта", - деп жазды өзінің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол саясатқа араласпайтынын да жаза кеткен.

"Қой-Ташта үйдің айналасында тікұшақтар ұшып жүр. Адамдарды байланыстан ажыратты деп күдіктеніп отырмын. Менің телефоным да біртүрлі, байланыс жоғалып кетіп жатыр. Өз отбасым үшін және өз позициясын ұстанған адамдар үшін қатты қорқамын", - деп жазды экс-президенттің қызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары