$ 498.34  519.72  4.85

Сейфтер мен терминалдарды қиратқан: астаналық үш ұры тергелуде

Компания кеңсесінің пластик терезесін майыстырып, темір торын бұзып кірген.

Елордадағы полицияға кәсіпкерлерден кеңсе, дүкендері тоналғаны жөнінде бірнеше шағым түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыскерлер бейнебақылау камералары мен дабыл жүйесінің жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы ішке кірген. Сейфтер мен төлем терминалдарын қиратқан. Олар ірі көлемдегі ақшаны, қымбат техника мен бұйымдарды қолды еткен. Полицейлердің назарына үш астана тұрғыны түскен. Олардың екеуі бұрын ауыр қылмыс жасағандары үшін сотталған.

Қылмыскерлер 7 тамызға қараған түні Б.Момышұлы даңғылында орналасқан компания кеңсесінің пластик терезесін майыстырып, темір торын бұзып кірген. Сейфті сындырып, ірі соманы, екі ноутбукты және басқа да тауарлық-материалдық бұйымдарды алып кеткен.

10 тамызда іздестіру шарасы барысында 3 қылмыскер қаланың әр жерінен ұсталып, тінту кезінде айғақ заттар тәркіленді. Күдіктілер Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатыстарының бар-жоғы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары осындай жолмен заттары ұрланғандар болса, қалалық Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-28, 71-60-69, 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары