$ 494.87  520.65  4.91

Атамбаев пен ІІМ орынбасары арасындағы қызғылт пакет дау тудырды (ВИДЕО)

Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов келіссөздер кезінде ақша, алтын және гауһар тастар салынған пакетті алып алды деген видеолар таратып жатыр.

Қырғыстанның бұрынғы президенті резиденциясында Атамбаев билікке берілуге келіскен кезде, Курсан Асанов пен Алмазбек Атамбаев ортасында жатқан қызғылт пакет әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды tengrinews.kz, 24.kg-ге сілтеме жасап.

Желі қолданушылар Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов келіссөздер кезінде ақша, алтын және гауһар тастар салынған пакетті алып алды деген видеолар таратып жатыр.  Аноним видео авторларының айтуынша, Курсан Асанов келіссөздер барысында пакетті тергеушілерге заттай дәлел ретінде берудің орнына, өзіне қалдырған. Ал ҚСДП төрағасының орынбасары Кундуз Жолдубаеваның қорғаушысы Замир Жоошев пакет бастапқыдан Алмазбек Атамбаевтың заңгері Сергей Слесаревке тиесілі екенін айтты.

"8 тамызда бұрынғы президент Кундуз Жолдубаевадан құжаттар бар пакетті адвокатқа тапсыруын сұрады. Онда ақша мен бағалы заттар мүлде жоқ еді. Онда Алмазбек Атамбаевты қылмыстық істер шеңберінде қорғау үшін қажетті құжаттар болған. 8 тамызда үйден шыққан кезде, пакетті Атамбаевтың оққағары алған. Содан кейін ол ҰҚК аумағында болды. Өйткені Атамбаев сол жерге жеткізілген, оның жанында Кундуз Жолдубаева мен мемлекеттік күзет болған. Алмазбек Атамбаев ҰҚК қабырғасында қалды, ал Кундуз бен күзетші ІІМ ғимаратына жеткізілді", - деп жазды Замир Жоошев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары