$ 496  588.01  6.42

Н.Назарбаев Ұлттық банк төрағасының орынбасарларын алмастырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының қос бірдей орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне; Ғалымжан Олжайұлы Пирматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0