Білім және ғылым министрлігінде істейтін шенеунік әріптестерін айыптап, мәлімдеме жасады, деп жазады Азаттық.
Министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Анар Қайырбекова "мемлекеттік сатып алу департаменті жемқорлықпен айналысып отыр" дейді.
Білім және ғылым министрі бұл шағымнан хабардар болып шықты.