$ 494.87  520.65  4.91

«Әблязов халықты алаңға қан төгілсін деп шақырады» - Ертісбаев

«ДВК – экстремисттік ұйым. Олар Нұр-Сұлтанда 50 мың, Алматыда 100 мың адамды көшеге шығару керектігін айтады».

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі Ермұхамет Ертісбаев соңғы кездері болып жатқан митингілерге қатысты пікір білдірді. Экс-елші informburo.kz сайтына берген сұхбатында өз ойын ортаға салған, деп жазады «Жас Алаш».

Ертісбаевтың пікірінше, барлық елде протест білдіретін электорат бар. Алайда, Қазақстанда орта класс барда революция болуы мүмкін емес.

«Сондай-ақ, Ұлттық қорда 80 млрд доллар бар. Мен елші болған Грузия халқының 99 пайызы кедей тұрады», – деді экс-елші.

Ермұхамет Қабиденұлы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ (ДВК) қозғалысы мен оның басшысы Мұхтар Әбязовқа қатысты пікірін де білдірді.

«Әблязовке қазақстандық «аспан жүздігі» керек. Қан төгілсін деп халықты алаңға белсенді түрде шақырады. Мен Әділет министрлігімен келісемін. ДВК – экстремисттік ұйым. Олар Нұр-Сұлтанда 50 мың, Алматыда 100 мың адамды көшеге шығару керектігін айтады. Президент резиденциясы мен әкімдікті қолға алсақ, полиция біз жаққа өтеді дейді. Бұл – мемлекеттік төңкеріске ашық шақыру», – деді саясаткер өз сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары