$ 494.87  520.65  4.91

«Билік тағы бір рет оппозиционерлерімізді жеңді» - Марғұлан Сейсембай

«Партия ішіндегі сатқындар парламент сайлауына қатысуға келіспегендер үшін бірден-бір заңды мүмкіндікті жерледі».
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Бүгін қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай фейсбук парақшасына «Ермұрат Бапи және ЖСДП туралы» деген тақырыппен өз ойын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жуырда ЖСДП-да айтулы өзгерістер болды. Мен бұл партияның мүшесі емеспін және өз басым Ермұрат Бапиды танымаймын. Алайда мендегі ақпараттарға сәйкес және Ермұрат Бапидың ұзақ жылдық қызметіне қарап, оны ерекше құрметтеймін әрі сенемін! Ол сөзімен де, ісімен де 20 жыл бойы өзінің шындық жағында екенін дәлелдеді. Бапи партияға жаңа, жас мүшелер мен көшбасшыларды тарту арқылы партияның имиджі мен жұмысын түбегейлі өзгерткісі келді», – дейді ол.

Қоғам белсендісінің пікірінше, «өкінішке қарай, билік тағы бір рет оппозиционерлерімізді жеңді».

«Партия ішіндегі сатқындар парламент сайлауына қатысуға келіспегендер үшін бірден-бір заңды мүмкіндікті жерледі. Егер сайлауда оппозициялық партиялар болмаса, бақылаушылардың бар жұмысы өз мәнінен айырылады. Парламентке тек қана биліктің партиялары ғана өтеді. Ондай сайлаудың не керегі бар?» – дейді Марғұлан Сейсембай.

Оның сөзінше, содан кейін адамдар өздерінің келіспейтіндіктерін алаңға шығып айтады. Мұның бәрі көңілге қаяу түсіреді. Осылайша, биліктің өзі жағдайды ушықтырып жатыр-мыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары