$ 491.7  531.28  5.07

Данияр Елеусінов алдағы жоспарларымен бөлісті

АҚШ-тың Madison Square Garden аренасының Hulu Theather кіші залында жартылай орта салмақта өткен кездесу бірінші раундта аяқталды.

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық Решард Хиксті қалай жылдам жеңгені туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

АҚШ-тың Madison Square Garden аренасының Hulu Theather кіші залында жартылай орта салмақта өткен кездесу бірінші раундта аяқталды. Елеусінов осылайша сегізінші кездесуінде жеңіске жетті, ал Хикс спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.  

– Мен өте қуаныштымын. Әрине, біз осы нәтижеге қол жеткізу үшін талмай еңбек еттік. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды - мұндайды барлық боксшы армандайды. Бұрындары бірдеменің дұрыс жүрмей жатқанын аңғаратынмын және бұл маған ұнамайтын. Қазір мен қателіктерімді түзеп, не істеу керектігін білемін, - деді Елеусінов. 

Сондай-ақ Елеусінов алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол қандайда бір боксшыға шақырту тастамады, бірақ өз мақсатымен бөлісті. 

– Әуесқой бокста мен барлығына қол жеткіздім: Әлем чемпионы болдым, Азия және Олимпиада жеңімпазы атандым. Не бар соның барлығын алдым. Қазір, кәсіпқой бокста барлық белбеулерді иеленгім келеді. Нақты бір қарсылас туралы айта алмаймын. Маған ойлануға мұрша беріңіз. Қазір бізде мынадай кезең: рейтингпен кім сәйке келеді - сонымен шығамын, - деп түсіндірді боксшы. 

Дереккөз: «Хабар24»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары