$ 447.4  477.55  4.76

Джеки Чан қазақстандықтарға кеңес берді

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Бейжіңде танымал қытай актері әрі режиссер Джеки Чанмен кездесті.

"Жусан" арнайы операциясы туралы естіген Қытайдың кино жұлдызы "бұл - фильмнің дайын сюжеті" деген екен.

Президенттің  кеңесшісі Ерлан Қарин Бейжіңде танымал қытай актері әрі режиссер Джеки Чанмен кездесті.

Қарин кездесу барысында шынайы оқиғаларға негізделген фильм туралы сөз қозғаған, деп жазады Sputniknews.kz.

"Сәуір айында Джекимен кездескен кезімде "Жусан" гуманитарық операциясы туралы айтқан едім. Бұл оқиға оған қатты әсер етіп, "бұл - фильмнің дайын сюжеті" деген болатын. Кеше Бейжіңде тағы да Джекимен кездесіп, әртүрлі тақырыптарды, жобаларды талқыладық, сол кезде қаңтар айындағы операциядан кейін "Жусанның" тағы бірнеше кезеңі болғанын айтып бердім. Сосын әзірленіп жатқан фильмнің жобасын көрсеттім", - деп жазды Қарин Instagram парақшасында.

Президенттің кеңесшісі атап өткендей, Қытайдың кино жұлдызы бұл фильмге түспейді, бірақ Джеки Чан басқа жобаға қатысуды жоспарлап отыр екен. Ол туралы мемлекет басшысының кеңесшісі қазан айында толығырақ айтып беруге уәде етті.

Қазақстан азаматтарын Сириядағы қақтығыс аймақтарынан қайтаруға бағытталған "Жусан" арнайы операциясы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың басында ұйымдастырылған болатын. Осы операцияның үш кезеңінің нәтижесінде елге 357 бала оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Джеки Чан