$ 446.49  475.38  4.79

Тайвандағы үлкен көпір опырылып түсті (ВИДЕО)

Салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті.

Тайванның шығысындағы Илань уезінде үлкен көпір опырылып түсті. Салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті. Тағы 6 адам іздестірілуде, деп хабарлайды Life.ru.

Балықшылардың қайықтары суға батты. Көпір опырылар сәтте оның үстімен бензовоз өтіп бара жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, көлік көпірмен бірге құлап, өртеніп кеткен. 

Құтқарушылар кем дегенде 14 адамның зардап шегіп, тағы 6 адам іздестіріліп жатқанын айтады. 

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі "Митаг" тайфуны жүріп өткеннен кейін көпір құлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тайвань