Халықаралық ғарыш станциясындағы басқару Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі, италиялық Лука Пармитаноға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Станцияның бұрынғы басшысы ресейлік Алексей Овчинин, NASA ғарышкері Ник Хаг және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы Хазаа Али Альмансуримен бірге бүгін жерге оралады. Олар ғарышта 200-ден астам күн жұмыс істеді. Ал Лука Пармитано станцияны 6 ақпанға дейін басқарады.
Лука Пармитано, Халықаралық ғарыш станциясындағы 61-экспедиция командирі:
- Талантты жандармен бірге жұмыс істейтініме өте қуаныштымын. Олардан көп нәрсе үйренетініме сенімдімін. Өзіме жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып шығамын деп үміттенемін.